الحجر

تفسير سورة الحجر

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

Қазақша

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

ترجمة معاني القرآن الكريم للغة الكازاخية ترجمة جمعية خليفة الطاي الخيرية. ملاحظة: ترجمات بعض الآيات (مشار إليها) تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، مع إتاحة الاطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

﴿بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ الر ۚ تِلْكَ آيَاتُ الْكِتَابِ وَقُرْآنٍ مُبِينٍ﴾

Әлиф, Ләм, Ра. Бұл Кітаптың және анық Құранның аяттары.

﴿رُبَمَا يَوَدُّ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوْ كَانُوا مُسْلِمِينَ﴾

Сондай күпірлік еткендер / иманға келмегендер / өздерінің мұсылман болғанын қалайтын болады.

﴿ذَرْهُمْ يَأْكُلُوا وَيَتَمَتَّعُوا وَيُلْهِهِمُ الْأَمَلُ ۖ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ﴾

/ Ей, Мұхаммед! / Оларды жайына қалдыр. Жесін, рахаттансын, үміттері алдандыра тұрсын. Олар жақында біледі.

﴿وَمَا أَهْلَكْنَا مِنْ قَرْيَةٍ إِلَّا وَلَهَا كِتَابٌ مَعْلُومٌ﴾

Біз ешбір елді мекенді, мерзімін алдын ала белгілемей тұрып жоймадық.

﴿مَا تَسْبِقُ مِنْ أُمَّةٍ أَجَلَهَا وَمَا يَسْتَأْخِرُونَ﴾

Бірде бір ел белгіленген мерзімінен оза алмайды және оны кейінге қалдыра алмайды.

﴿وَقَالُوا يَا أَيُّهَا الَّذِي نُزِّلَ عَلَيْهِ الذِّكْرُ إِنَّكَ لَمَجْنُونٌ﴾

Олар / мүшріктер / : «Әй, өзіне Еске салу / Құран / түсірілген! Негізінде, сені жын соққан.

﴿لَوْ مَا تَأْتِينَا بِالْمَلَائِكَةِ إِنْ كُنْتَ مِنَ الصَّادِقِينَ﴾

Егер шын сөзділерден болсаң, бізге періштелерді әкелмейсің бе?» деді.

﴿مَا نُنَزِّلُ الْمَلَائِكَةَ إِلَّا بِالْحَقِّ وَمَا كَانُوا إِذًا مُنْظَرِينَ﴾

Біз періштелерді ақиқатпен ғана түсіреміз. Сонда оларға / имансыздарға / мұрсат берілмейді.

﴿إِنَّا نَحْنُ نَزَّلْنَا الذِّكْرَ وَإِنَّا لَهُ لَحَافِظُونَ﴾

Ақиқатында, бұл Еске салуды / Құранды / Біз түсірдік әрі міндетті түрде оны Өзіміз сақтап-қорғаушымыз.

﴿وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا مِنْ قَبْلِكَ فِي شِيَعِ الْأَوَّلِينَ﴾

/ Ей, Мұхаммед! / Біз сенен алдын, әуелгі өткен топтарға да / елшілер / жібергенбіз.

﴿وَمَا يَأْتِيهِمْ مِنْ رَسُولٍ إِلَّا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ﴾

Әрі өздеріне қандай да бір Елші кел­се, олар / өткен қауымдар / сөзсіз оны келеке етті.

﴿كَذَٰلِكَ نَسْلُكُهُ فِي قُلُوبِ الْمُجْرِمِينَ﴾

Біз қылмыскерлердің жүректеріне оны / имансыздықты / , міне, осылай ендіреміз.

﴿لَا يُؤْمِنُونَ بِهِ ۖ وَقَدْ خَلَتْ سُنَّةُ الْأَوَّلِينَ﴾

Олар оған / Елшіге / сенбейді. Әрі олар­дан бұрынғылардың да басынан осындай жағдай өткен еді.

﴿وَلَوْ فَتَحْنَا عَلَيْهِمْ بَابًا مِنَ السَّمَاءِ فَظَلُّوا فِيهِ يَعْرُجُونَ﴾

Егер Біз оларға аспаннан есік ашып, олар одан жоғары көтерілсе де,

﴿لَقَالُوا إِنَّمَا سُكِّرَتْ أَبْصَارُنَا بَلْ نَحْنُ قَوْمٌ مَسْحُورُونَ﴾

олар: «Біздің көздеріміз байланған. Тіпті, Біз сиқырланған адамдармыз», деп айтар еді.

﴿وَلَقَدْ جَعَلْنَا فِي السَّمَاءِ بُرُوجًا وَزَيَّنَّاهَا لِلنَّاظِرِينَ﴾

Біз аспанда жұлдыздар / аспан денелерін / жасап, қарайтындар үшін оны көріктендірдік.

﴿وَحَفِظْنَاهَا مِنْ كُلِّ شَيْطَانٍ رَجِيمٍ﴾

Әрі оны / аспанды / әрбір қуылған шайтаннан қорғадық.

﴿إِلَّا مَنِ اسْتَرَقَ السَّمْعَ فَأَتْبَعَهُ شِهَابٌ مُبِينٌ﴾

Ал, кім ұрланып тыңдаса, оны анық бір жалындаған аспан денесі қуады.

﴿وَالْأَرْضَ مَدَدْنَاهَا وَأَلْقَيْنَا فِيهَا رَوَاسِيَ وَأَنْبَتْنَا فِيهَا مِنْ كُلِّ شَيْءٍ مَوْزُونٍ﴾

және жерді жайып, оған берік тұрғандарды / тауларды / тастадық / орнаттың / . Әрі онда өлшемі белгілеген әрбір нәрсені өсірдік.

﴿وَجَعَلْنَا لَكُمْ فِيهَا مَعَايِشَ وَمَنْ لَسْتُمْ لَهُ بِرَازِقِينَ﴾

Әрі онда / жерде / сендер үшін және сендер қоректендірмейтіндер үшін күн көріс негіздерін / тіршілік қажеттерін! жасадық.

﴿وَإِنْ مِنْ شَيْءٍ إِلَّا عِنْدَنَا خَزَائِنُهُ وَمَا نُنَزِّلُهُ إِلَّا بِقَدَرٍ مَعْلُومٍ﴾

Қазыналары Бізде болмаған бірде-бір нәрсе жоқ және Біз оны белгілі мөлшермен ғана түсіреміз.

﴿وَأَرْسَلْنَا الرِّيَاحَ لَوَاقِحَ فَأَنْزَلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَسْقَيْنَاكُمُوهُ وَمَا أَنْتُمْ لَهُ بِخَازِنِينَ﴾

Әрі Біз желдерді тозаңдандырушы / құнарландырушы / етіп жібердік. Аспаннан су түсіріп, онымен сендерді қамтамасыз еттік. Ал, оны сақтаушы сендер емессіңдер.

﴿وَإِنَّا لَنَحْنُ نُحْيِي وَنُمِيتُ وَنَحْنُ الْوَارِثُونَ﴾

Ақиқатында, Біз тірілтеміз және өлтіреміз әрі / барлығыжойылғанда / Біз / ие болып / қалушымыз.

﴿وَلَقَدْ عَلِمْنَا الْمُسْتَقْدِمِينَ مِنْكُمْ وَلَقَدْ عَلِمْنَا الْمُسْتَأْخِرِينَ﴾

Біз сендерден бұрын өткендерді де білдік әрі кейінгілерді де білдік.

﴿وَإِنَّ رَبَّكَ هُوَ يَحْشُرُهُمْ ۚ إِنَّهُ حَكِيمٌ عَلِيمٌ﴾

/ Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, Раббың, оларды жинайды. Ол аса Дана, бәрін Білуші.

﴿وَلَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنْسَانَ مِنْ صَلْصَالٍ مِنْ حَمَإٍ مَسْنُونٍ﴾

Біз адамды қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен жараттық.

﴿وَالْجَانَّ خَلَقْنَاهُ مِنْ قَبْلُ مِنْ نَارِ السَّمُومِ﴾

Ал, жынды / адамнан / алдын, қызуы қатты / түтінсіз / оттан жараттық.

﴿وَإِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْمَلَائِكَةِ إِنِّي خَالِقٌ بَشَرًا مِنْ صَلْصَالٍ مِنْ حَمَإٍ مَسْنُونٍ﴾

Раббың періштелерге: «Мен қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен адам жаратамын.

﴿فَإِذَا سَوَّيْتُهُ وَنَفَخْتُ فِيهِ مِنْ رُوحِي فَقَعُوا لَهُ سَاجِدِينَ﴾

Оны / тұла бойын жасап, / тіктегеннен кейін, оған Өзімдегі / иелігімдегі / рухтан үрлеген кезде, сәжде етіңдер», деді.

﴿فَسَجَدَ الْمَلَائِكَةُ كُلُّهُمْ أَجْمَعُونَ﴾

Сонда періштелердің барлығы түгелдей сәжде жасады.

﴿إِلَّا إِبْلِيسَ أَبَىٰ أَنْ يَكُونَ مَعَ السَّاجِدِينَ﴾

Тек Ібіліс қана сәжде етушілермен бірге болудан бас тартты.

﴿قَالَ يَا إِبْلِيسُ مَا لَكَ أَلَّا تَكُونَ مَعَ السَّاجِدِينَ﴾

/ Аса ұлы Аллаһ / : «Ей, Ібіліс! Сәжде етушілермен бірге болмайтындай саған не болды?» деді.

﴿قَالَ لَمْ أَكُنْ لِأَسْجُدَ لِبَشَرٍ خَلَقْتَهُ مِنْ صَلْصَالٍ مِنْ حَمَإٍ مَسْنُونٍ﴾

/ Ібіліс / \ «Сен қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен жаратқан адамға сәжде етуіме болмайды», деді.

﴿قَالَ فَاخْرُجْ مِنْهَا فَإِنَّكَ رَجِيمٌ﴾

/ Аса ұлы Аллаһ / : «Ол жерден шық, сен енді қуылдың.

﴿وَإِنَّ عَلَيْكَ اللَّعْنَةَ إِلَىٰ يَوْمِ الدِّينِ﴾

Саған Есеп күніне дейін лағнет бар», деді.

﴿قَالَ رَبِّ فَأَنْظِرْنِي إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ﴾

/ Ібіліс / : «Раббым! Маған, олар қайта тірілетін күнге дейін мерзімімді ұзарт», -деді.

﴿قَالَ فَإِنَّكَ مِنَ الْمُنْظَرِينَ﴾

/ Аса ұлы Аллаһ / : «Анығында, сен мерзімі ұзартылғандардансың.

﴿إِلَىٰ يَوْمِ الْوَقْتِ الْمَعْلُومِ﴾

Уақыты белгілі күнге дейін», деді.

﴿قَالَ رَبِّ بِمَا أَغْوَيْتَنِي لَأُزَيِّنَنَّ لَهُمْ فِي الْأَرْضِ وَلَأُغْوِيَنَّهُمْ أَجْمَعِينَ﴾

/ Ібіліс / '. «Раббым, мені адастырғаның үшін оларға жерде / бойсұнбаушылықты / көрікті етіп көрсетемін және олардың барлығын адастырамын.

﴿إِلَّا عِبَادَكَ مِنْهُمُ الْمُخْلَصِينَ﴾

Бірақ, олардың ішіндегі тазарған құлдарыңды ғана адастыра алмаймын», деді.

﴿قَالَ هَٰذَا صِرَاطٌ عَلَيَّ مُسْتَقِيمٌ﴾

/ Аса ұлы Аллаһ / : «Осы тура жол - Менде.

﴿إِنَّ عِبَادِي لَيْسَ لَكَ عَلَيْهِمْ سُلْطَانٌ إِلَّا مَنِ اتَّبَعَكَ مِنَ الْغَاوِينَ﴾

Ақиқатында, Менің құлдарыма / Маған шынайы құл болғандарға / олардың үстінен сенде билік жоқ. Тек адасқандардан, сондай саған ергендерге ғана / бар / »,- деді.

﴿وَإِنَّ جَهَنَّمَ لَمَوْعِدُهُمْ أَجْمَعِينَ﴾

Ақиқатында, олардың барлығына уәде етілген орын - Жаһаннам (Тозақ).

﴿لَهَا سَبْعَةُ أَبْوَابٍ لِكُلِّ بَابٍ مِنْهُمْ جُزْءٌ مَقْسُومٌ﴾

Оның жеті қақпасы бар. Әрбір қақпада олардан бөлінген бір бөлігі болады.

﴿إِنَّ الْمُتَّقِينَ فِي جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ﴾

Ал, тақуалар / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылар / Жәннат бақтары мен бұлақтарында!

﴿ادْخُلُوهَا بِسَلَامٍ آمِنِينَ﴾

/ Оларға / : «Оған бейбіт түрде, амандықпен кіріңдер», - / делінеді / .

﴿وَنَزَعْنَا مَا فِي صُدُورِهِمْ مِنْ غِلٍّ إِخْوَانًا عَلَىٰ سُرُرٍ مُتَقَابِلِينَ﴾

Біз олардың көкіректеріндегі реніш, қарсылықты алып тастаймыз. Олар өзара бауыр болып, жайлы орындарда, жүзбе-жүз қарап отырады.

﴿لَا يَمَسُّهُمْ فِيهَا نَصَبٌ وَمَا هُمْ مِنْهَا بِمُخْرَجِينَ﴾

Оларға ол жерде шаршау тимейді әрі олар ол жерден шығарылмайды.

﴿۞ نَبِّئْ عِبَادِي أَنِّي أَنَا الْغَفُورُ الرَّحِيمُ﴾

/ Ей, Мұхаммед! / Құлдарыма Менің өте Кешірімді, ерекше Мейірімді екенімді хабарла,

﴿وَأَنَّ عَذَابِي هُوَ الْعَذَابُ الْأَلِيمُ﴾

әрі шын мәнінде, Менің азабымның да өте күйзелтуші азап екенін.

﴿وَنَبِّئْهُمْ عَنْ ضَيْفِ إِبْرَاهِيمَ﴾

Оларға Ибраһимнің қонақтары жайлы хабар бер.

﴿إِذْ دَخَلُوا عَلَيْهِ فَقَالُوا سَلَامًا قَالَ إِنَّا مِنْكُمْ وَجِلُونَ﴾

Сол кезде олар оған кіріп: «Сәләм» / Амандық болсын / , деген еді. / Ибраһим / : «Анығында, біз сендерден қорқып тұрмыз»,- деді.

﴿قَالُوا لَا تَوْجَلْ إِنَّا نُبَشِّرُكَ بِغُلَامٍ عَلِيمٍ﴾

/ Періштелер / : «Қорықпа! Ақиқатында, Біз сені білімді бір ұлменен сүйіншілейміз»,- деді.

﴿قَالَ أَبَشَّرْتُمُونِي عَلَىٰ أَنْ مَسَّنِيَ الْكِبَرُ فَبِمَ تُبَشِّرُونَ﴾

/ Ибраһим / : «Сендер мені, маған кәрілік жеткенде сүйіншілеп тұрсыңдар ма?! Немен сүйіншілемексіңдер?»- деді.

﴿قَالُوا بَشَّرْنَاكَ بِالْحَقِّ فَلَا تَكُنْ مِنَ الْقَانِطِينَ﴾

/ Олар / \ «Біз сені ақиқатпен сүйіншіледік. Үміт үзушілерден болма!»- деді.

﴿قَالَ وَمَنْ يَقْنَطُ مِنْ رَحْمَةِ رَبِّهِ إِلَّا الضَّالُّونَ﴾

/ Ибраһим / '. «Раббысының мейірімінен адасқандардан өзге кім үмітін үзеді?» -деді.

﴿قَالَ فَمَا خَطْبُكُمْ أَيُّهَا الْمُرْسَلُونَ﴾

/ Ол / : «Ей, елшілер! Қандай жұмыспен жіберілдіңіз?» -деді.

﴿قَالُوا إِنَّا أُرْسِلْنَا إِلَىٰ قَوْمٍ مُجْرِمِينَ﴾

/ Олар / \ «Анығында, Біз қылмыскер елге жіберілдік,

﴿إِلَّا آلَ لُوطٍ إِنَّا لَمُنَجُّوهُمْ أَجْمَعِينَ﴾

Лұттың үй-ішінен өзгелерге. Ақиқатында, Біз олардың / үй-ішінің / бәрін құтқарамыз,

﴿إِلَّا امْرَأَتَهُ قَدَّرْنَا ۙ إِنَّهَا لَمِنَ الْغَابِرِينَ﴾

тек оның әйелінен басқа»- / деді / . Біз оның қалуын үкім еттік.

﴿فَلَمَّا جَاءَ آلَ لُوطٍ الْمُرْسَلُونَ﴾

Елшілер Лұттың үйіне келген кезде,

﴿قَالَ إِنَّكُمْ قَوْمٌ مُنْكَرُونَ﴾

ол: «Сендер бейтаныс жандар екенсіңдер», -деді.

﴿قَالُوا بَلْ جِئْنَاكَ بِمَا كَانُوا فِيهِ يَمْتَرُونَ﴾

/ Періштелер / '. «Негізінде, біз саған олар / елің / күмән келтірген нәрсемен келдік.

﴿وَأَتَيْنَاكَ بِالْحَقِّ وَإِنَّا لَصَادِقُونَ﴾

Әрі біз саған ақиқатпен келдік және біз шын сөздіміз.

﴿فَأَسْرِ بِأَهْلِكَ بِقِطْعٍ مِنَ اللَّيْلِ وَاتَّبِعْ أَدْبَارَهُمْ وَلَا يَلْتَفِتْ مِنْكُمْ أَحَدٌ وَامْضُوا حَيْثُ تُؤْمَرُونَ﴾

Түннің бір бөлігінде үй-ішіңді алып шық та өзің олардың соңынан жүр. Сендерден ешкім бұрылып қарамасын. Өздеріңе бұйырылған жаққа қарай жүріңдер», - деді.

﴿وَقَضَيْنَا إِلَيْهِ ذَٰلِكَ الْأَمْرَ أَنَّ دَابِرَ هَٰؤُلَاءِ مَقْطُوعٌ مُصْبِحِينَ﴾

Әрі Біз оған осы істі олардың соңы таң уақытында кесілетінін / жойылатынын / білдірдік

﴿وَجَاءَ أَهْلُ الْمَدِينَةِ يَسْتَبْشِرُونَ﴾

Ал, қала халқы мәз болып жетіп келді.

﴿قَالَ إِنَّ هَٰؤُلَاءِ ضَيْفِي فَلَا تَفْضَحُونِ﴾

/ Лұт / : «Анығында, бұлар менің қонақтарым. Мені масқара қылмаңдар.

﴿وَاتَّقُوا اللَّهَ وَلَا تُخْزُونِ﴾

Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / . Мені қорламаңдар», -деді.

﴿قَالُوا أَوَلَمْ نَنْهَكَ عَنِ الْعَالَمِينَ﴾

/ Олар / : «Біз сені әлемдерден / бөгде адамдардан / тыймап па едік?»- деді.

﴿قَالَ هَٰؤُلَاءِ بَنَاتِي إِنْ كُنْتُمْ فَاعِلِينَ﴾

/ Лұт / : «Егер сендер бұл тірлікті жасайтын болсаңдар / қажет болса / , мыналар - қыздарым», - деді.

﴿لَعَمْرُكَ إِنَّهُمْ لَفِي سَكْرَتِهِمْ يَعْمَهُونَ﴾

/ Ей, Мұхаммед!! Сенің өміріңмен ант етемін! Негізінде, олар / құмарлыққа / мас болып / естерінен айрылып / , лағып жүр.

﴿فَأَخَذَتْهُمُ الصَّيْحَةُ مُشْرِقِينَ﴾

Сонда күн шыға бастағанда оларды сайха (азап, айқай-шу,қатты дауыс деген мағналарды қамтиды, яғни бір ащы дауыстан олар өлді) алды.

﴿فَجَعَلْنَا عَالِيَهَا سَافِلَهَا وَأَمْطَرْنَا عَلَيْهِمْ حِجَارَةً مِنْ سِجِّيلٍ﴾

Біз оның / ол мекеннің / үстін астына келтірдік және олардың үстіне күйдірілген кесектен тас жаудырдық.

﴿إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِلْمُتَوَسِّمِينَ﴾

Күмәнсіз, көре алатындар үшін Мұнда белгі-ғибраттар бар.

﴿وَإِنَّهَا لَبِسَبِيلٍ مُقِيمٍ﴾

Анығында, ол / ел / белгілі жолдың бойында еді.

﴿إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً لِلْمُؤْمِنِينَ﴾

Әлбетте, Мұнда имандылар / мүміндер / үшін белгі-ғибраттар бар.

﴿وَإِنْ كَانَ أَصْحَابُ الْأَيْكَةِ لَظَالِمِينَ﴾

Әрі шын мәнінде, Әйке елінің тұрғындары да әділетсіз болды.

﴿فَانْتَقَمْنَا مِنْهُمْ وَإِنَّهُمَا لَبِإِمَامٍ مُبِينٍ﴾

Сондықтан Біз оларды жазаладық. Бұл екі қала да белгілі бір жолдың бойында орналасқан еді.

﴿وَلَقَدْ كَذَّبَ أَصْحَابُ الْحِجْرِ الْمُرْسَلِينَ﴾

Сондай-ақ Хижр тұрғындары (Салих пайғамбардың қауымы) да елшілерді өтірікші санады.

﴿وَآتَيْنَاهُمْ آيَاتِنَا فَكَانُوا عَنْهَا مُعْرِضِينَ﴾

Біз оларға белгілерімізді келтірдік. Бірақ олар одан теріс бұрылды.

﴿وَكَانُوا يَنْحِتُونَ مِنَ الْجِبَالِ بُيُوتًا آمِنِينَ﴾

Олар амандықта / жүріп / , таулардан үйлер қашайтын.

﴿فَأَخَذَتْهُمُ الصَّيْحَةُ مُصْبِحِينَ﴾

Сонда оларды таң уақытында сайха (азап, айқай-шу,қатты дауыс деген мағналарды қамтиды, яғни бір ащы дауыстан олар өлді) тұтты.

﴿فَمَا أَغْنَىٰ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَكْسِبُونَ﴾

Сөйтіп, оларға / дүниеде / тапқандары пайда бермеді.

﴿وَمَا خَلَقْنَا السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا إِلَّا بِالْحَقِّ ۗ وَإِنَّ السَّاعَةَ لَآتِيَةٌ ۖ فَاصْفَحِ الصَّفْحَ الْجَمِيلَ﴾

Біз аспандарды және жерді әрі ол екеуінің арасындағыларын ақиқатпен ғана жараттық. Шын мәнінде, Сағат / қиямет / сөзсіз келеді. / Ей, Мұхаммед! / Сондықтан сен көркем сыңай байқат.

﴿إِنَّ رَبَّكَ هُوَ الْخَلَّاقُ الْعَلِيمُ﴾

Ақиқатында, Раббың Жаратушы, бәрін Білуші.

﴿وَلَقَدْ آتَيْنَاكَ سَبْعًا مِنَ الْمَثَانِي وَالْقُرْآنَ الْعَظِيمَ﴾

/ Ей, Мұхаммед! / Біз саған / Құрандағы / қайталанатындардан жетеуін және ұлы Құранды бердік.

﴿لَا تَمُدَّنَّ عَيْنَيْكَ إِلَىٰ مَا مَتَّعْنَا بِهِ أَزْوَاجًا مِنْهُمْ وَلَا تَحْزَنْ عَلَيْهِمْ وَاخْفِضْ جَنَاحَكَ لِلْمُؤْمِنِينَ﴾

Біз адамдардың кейбіріне берген нәрселерімізге көзіңді салма. Әрі олар үшін қайғырма. Ал, имандыларға / мүміндерге / қанатыңды игін.

﴿وَقُلْ إِنِّي أَنَا النَّذِيرُ الْمُبِينُ﴾

Әрі: «Ақиқатында, мен тек анық етіп түсіндіретін ескертушімін», - де.

﴿كَمَا أَنْزَلْنَا عَلَى الْمُقْتَسِمِينَ﴾

Серт бергендерге / азап / түсіргеніміз секілді,

﴿الَّذِينَ جَعَلُوا الْقُرْآنَ عِضِينَ﴾

Құранды бөліктерге ажыратқандарға да / азап түсіреміз / .

﴿فَوَرَبِّكَ لَنَسْأَلَنَّهُمْ أَجْمَعِينَ﴾

Раббыңмен ант етемін! Біз олардың барлығын сұраққа тартамыз,

﴿عَمَّا كَانُوا يَعْمَلُونَ﴾

не істегендері жайында.

﴿فَاصْدَعْ بِمَا تُؤْمَرُ وَأَعْرِضْ عَنِ الْمُشْرِكِينَ﴾

/ Ей, Мұхаммед! / Өзіңе бұйырылғанды ашық жарияла және Аллаһпен қатар өзгеге табынушылардан / мүшріктерден / теріс бұрыл.

﴿إِنَّا كَفَيْنَاكَ الْمُسْتَهْزِئِينَ﴾

Ақиқатында, Біз сені келеке етушілерден құтқардық,

﴿الَّذِينَ يَجْعَلُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَٰهًا آخَرَ ۚ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ﴾

сондай, өзге біреуді Аллаһпен қатар құдай етіп алатындардан. Жақында олар біледі.

﴿وَلَقَدْ نَعْلَمُ أَنَّكَ يَضِيقُ صَدْرُكَ بِمَا يَقُولُونَ﴾

Олардың айтып жатқандарынан сенің көкірегіңнің сығылатынын білеміз.

﴿فَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ وَكُنْ مِنَ السَّاجِدِينَ﴾

Раббыңды / барлық кемшіліктен / пәк деп мақтаумен дәріпте әрі сәжде жасаушылардан бол.

﴿وَاعْبُدْ رَبَّكَ حَتَّىٰ يَأْتِيَكَ الْيَقِينُ﴾

Өзіңе айқын нәрсе / өлім / келгенге дейін Раббыңа құлшылық ет!

الترجمات والتفاسير لهذه السورة: