البحث

عبارات مقترحة:

الشاكر

كلمة (شاكر) في اللغة اسم فاعل من الشُّكر، وهو الثناء، ويأتي...

التواب

التوبةُ هي الرجوع عن الذَّنب، و(التَّوَّاب) اسمٌ من أسماء الله...

الوارث

كلمة (الوراث) في اللغة اسم فاعل من الفعل (وَرِثَ يَرِثُ)، وهو من...

АЛЛАҺ ПЕН ОНЫҢ ҚҰЛЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ

الكازاخية - Қазақша

المؤلف ابن القيم
القسم مقالات
النوع نصي
اللغة الكازاخية - Қазақша
المفردات المنجيات
АЛЛАҺ ПЕН ОНЫҢ ҚҰЛЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ

التفاصيل

الحجب العشرة بين العبد وبين الله                      АЛЛАҺ ПЕН ОНЫҢ ҚҰЛЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ                                                  ОН  ТОСҚАУЫЛ                                                                                                                                                                                             الحجب العشرة بين العبد وبين الله                        Аса қамқор , ерекше мейірімді Аллаһтың атыменен бастаймын . Барша мақтау бүкіл  әлемдердің  Раббысы Аллаһқа тән . Және пайғамбарлардың  соңы болған Мухаммедке Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын .                        Бірінші тосқауыл: Аллаһ жайында білімнің жоқтығы .           Яғни , Аллаһ-Тағаланы танымау . Кім Аллаһ-Тағаланы таныса  Оны сөзсіз сүйеді .Аллаһты сүймеген адам  - Оны мүлдем танымаған адам . Расында Аллаһты танымаған адам Оны шынайы сүйе алмайды . Сондықтан Аллаһтын елшісі (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көрсеткен сүннет жолының үстінде болған мұсылмандар әркез ілім іздеу үстінде болады . Себебі ,сенің Аллаһ жайында білімің артып , Оны таныған сайын , Оған-деген махаббатың да арта түседі .                         Көркем сөзбен Аллаһтың дініне уағыздап шақырушы болған Шұғайып пайғамбар ғалайһиссалам өз қауымына :                        "Раббыларыңнан (істеген күнә-кемшіліктерін үшін) жарылқау-кешірім өтініңдер , кейін Оған шынайы тәубе жасаңдар . Расында менің Раббым (тәубе етушілерге) ерекше мейірімді , (және оларды)өте сүюші ". (Һуд сүресі , 90-шы аят)                        Және Ұлы Раббың Құранда былай-деп , айтады :                        "Шынында , сондай иман келтірген және салихалы амал жасаушы пенделері үшін,рахмет егесі болған Аллаһ (сүйікті құлдары мен періштелерінің жүрегіне) махаббат орнатады".( Мариям сүресі,96-шы аят)                        Аллаһ жайында білімнің жоқтығы- ірі тосқауыл.Өзің білетіндей кісі танымайтын нәрсесін оңай дұшпан тұта салады . Және ақиқатта Аллаһты танымайтын пенделер Оған күнәһар болып харам істерге түсіп жүреді.Сонымен қатар Аллаһты танымайтындар жын-шайтандардың жетегіне түсіп , соларға сиынып кетіп жатады . Сол үшін Аллаһ-Тағала әуелі білімге үндеді;      Ей,Мухаммед "Ендеше біл ¹! Аллаһтан өзге ( ғибадатқа лайықты) ешбір тәңір жоқ . Күнәң үшін ( Аллаһтан )жарылқау өтін . Және иман келтірген ерлер мен иман келтірген әйелдер үшін (күнәларының кешірілуін) өтін "( Мухаммад сүресі , 19-шы аят )                                                                                                                                                                                                                        Аллаһ жайындағы білімсіздіктен құтылудың емі – Оны ақиқат дәрежесінде тану . Егер сен оны танысаң шынайы тәубеменен өмір сүресің.      Екінші тосқауыл: Бидағат ²           1.    Бұл аяттағы " біл " сөзі Аллаһтың ілім іздеуді парыз ететін әмірі . Және ілімнің ең әуелі , әрі әрбір адамға білуге тиіс болғаны Аллаһтан өзге ғибадатқа  лайықты ешбір тәңірдің жоқ екенін білу .    2.    Бидағат-дегеніміз Құран мен сүннетте келмеген бөгде ғибадат түрлері .            Кім бір бидағат амалмен құлшылық  ете бастаса ,онда ол Аллаһтан алыстай бастайды.Сол бидағат өзі мен Раббысының арасына  тосқауыл болады . Бидағаттан бас тартпайынша ол тосқауыл кетпейді . Оған пайғамбарымыздың (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына хадисі дәлел :                        "Кім Біздің әмірімізде болмаған бір жаңалықты (яғни,бөгде ғибадат түрін) келтірсе , ол нәрсе қайтарылады(қабыл болмайды)".( Сахих хадис)Ал Аллаһ хұзырында қабыл болатын салихалы амалдың екі шарты бар :Бірінші шарт :Ықылас .Яғни жасаған амалын Жалғыз , әрі ешбір серігі болмаған Аллаһтың дидарына қауышып , ризалығына жету үшін ғана жасау керек . Екінші шарт :Амалды Мухаммед пайғамбардың(ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  сүннетіне сәйкестіндіріп жасау .                         Осы екі шартқа негізделмеген амал қабыл болатын салихалы амалдардың қатарына қосылмайды . Және ол амал Аллаһ хұзырына көтерілмейді . Себебі Аллаһқа тек жақсы да салихалы амалдар ғана көтеріледі . Сондықтан бидағат пенденің жасаған амалының Аллаһқа көтерілуіне тосқауыл болады . Соның салдарынан құл Аллаһтың разылығына жетуден тосылады . Өйткені бидағат құл мен Құдай арасындағы тосқауыл . Оның себебі ол құл Жаратушы Егесінің қалау -әміріменен емес , өзінің қалау әміріменен құлшылық жасауда . Хақ ғибадаттан бұрушы нәфсі қалауы Аллаһтың разылығына жетер жолдағы кедергі . Бұл кедергіге пенде Аллаһқа Оның бекіткен шариғатымен талаптанбай , ол шариғаттан бөгде амалдармен талаптануының салдарынан ұшырайды . Бидағатшы адам күнәһкәр адамнан да жаман .                          Үшінші тосқауыл : Ішкі үлкен күнәлар .                       Олардың саны да , істелуі де көп . Мысалы өзін өзгелерден артық санау , мақтаншақтық , тәкәппарлық , көре алмастық ,  өз-өзіне ғажаптанып баға беру , ел көзіне түсіп қалып  , олардан мақтау сөзді естуге құмарту , уақытша нәрселермен алдану сиақты нәрселер . Осы ішкі жасырын күнәлар сыртқы күнәлардан да жаманырақ . Яғни  зина жасау , арақ ішу, ұрлық істеу сиақты күнәлардан да  жаманырақ . Егер осы жасырын күнәлар жүрекке орнығатын болса , онда олар құл мен Құдайдың арасындағы байланысқа тосқауыл болады . Себебі пенде Раббысының ризашылығына жеткізетін жолды аяғының қадамымен емес , жүрегінің талабымен тауысады . Ал бұл ішкі жүрек күнәлары сол жолдың қарақшылары . Осыған байланысты белгілі ғалым Ибн Қайим : "Бір пендені көресің , ол салихалы амалдарға барынша ынталанып , оларды игеріп алады . Салихалы амал оған әрдайым бағынушы әскерге ұқсап қалады . Сондықтан ол пендені шариғат әмірлеріне барынша бойұсынған , дінге өте берілген күйде көресің . Сөйте тұрып ол пенде Аллаһтан өте алыста болады " Енденше , неге бұлай болды ? Ойланып көрші . ( бұл нәрсе сыртқы дүниесі шариғат әмірлеріне бағынып түзелген , бірақ ішкі дүниесі ұмытылып үлкен күнәлармен ойран болған адамның мысалы )                    Төртінші тосқауыл :Сыртқы үлкен күнәләр .                     Бұл күнәларға ұрлық , арақ ішу , ойнас жасау сиақты т.б. харам істер жатады . Осы тұста мына нәрсені білуіміз тиіс болады . Ол нәрсе қайталай беруменен кіші күнәлардың үлкен күнәға айналатыны және Аллаһтан шынайы кешірім сұрап , тәубе етуменен үлкен күнәлардың жойылатыны . Күнәні қайталау – шариғат әмірлеріне қарсы келгендік пен сол күнәға қайта оралуды шешім еткендіктің белгісін көрсетеді . Кейбір кіші күнәләр мына төмендегі алты нәрсенің себебінен үлкен күнәға айналады . Олар:1.Әрдайым  жасалынуы мен қайталанып тұруы себебінен .            Мысалға бір кісінің әйел затына  көз салуы . Көздің де зинасы бар . Оның зинасы қарау . Көз зинасының күнәсі пұт зинасының  күнәсінен кіші болғанымен , әрдайым қайталанып жасалынуы себебінен үлкен күнәға айналады . Себебі ол пенде харам нәрселерден көзін тиудан бас тартып , ол кү-нәләрды қайталап жасай беруге бекінген адам .                        2. Кіші күнәлардан сескенбеу .Мысалы темек тартатын бір адамға “Құдайдан қорық!Темекі шегу харам . Және байқасаң сенің бойыңда харам нәрселерден тежелуіңді насихат ететін белгілер пайда болуда . Яғни , жасың ұлғайып , басыңдағы шашың мен иегіңдегі сақалың ағарған . Оның үстіне онсыз да кем дүниеңді кеміте түсіретін бұндай нәрсенің керегі не ?„-десең , “ Е , бұл темекінің күнәсі шошынарлықтай үлкен емес , кішігірім „ – деп , оны кіші көріп , менсінбеушілік танытады ¹.                     3.Күнәға қуану .      Кейде  бір пенделердің жасалған күнәдан рахаттанып қуанып жүргенін көресің .Ал бұл нәрсе , яғни жасалған күнәмен қуану , ол күнәні жасағаннан да ауырырақ . Тіпті адамдар пайғамбардың(ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)   "Мұсылманды ұрысып , сөгу – пасықтық , ал оған қол көтеріп , соғысу күпірлік "- деген сөзін ұмытып , біреудің осы сиақты күнә істерін көріп , " қалай жер –жебіріне жеткізіп сөгіп тастады а ?"-деп , немесе "қанын ағызып , өлтіріп тастағаны сауап бопты "- деген сиақты қолдау мен қуануға  ұқсас сөздерін айтып жатады . Және сол сиақты бір мұсылман жас қыздың адамдардың көзіне түсу үшін атаққа құмартып , алданып адасқанына мәз-мейрам болып " қалай ғана аты шығып мәшһүр болып кетті , жап жас болып алып "-деп қуаныш сезімдерін білдіріп жатады . Ал Аллаһ Құранда былай –деп , айтқан:              " Расында , сондай иман келтіргендердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы көргендерге дүниеде де , ақыретте де күйзелтуші азап бар " ( Нұр сүресі , 19-шы аят )         Шынайы көңіл бұрып мына нәрсені біл !Күнәмен қуануың ол күнәнің жасалуынан да  ауыр.1.Бұл жерде үлкен адамға айтылған насихат алынған .Ал,расында темекі шегу үлкенге де , кішіге де тиым етілген .4.Аллаһтың пенделерінің күнәларын жасыратынына немқұрайдылық көрсету .                        Аббастың ұлы Абдуллаһ ( Аллаһ ол екеуінен де разы болсын ) былай - деп , айтты : " Ей , күнәнің егесі ! Ертең сол күнәнің ауыр нәтижесіне жолықпай , аман қаламын – деп ойлама . Расында істеген күнәңә ол күнәдан да ауыр нәрсе ілесіп жүреді . Сенің күнә жасап жатып оң жағыңдағы және сол жағыңдағы періштелерден ұялмауын жасаған күнәңнән да ауыр . Аллаһтың саған қандай жаза беретінін білместен жасаған күнәңә мәз – мейрам болуың , сол күнңнән да ауыр , Күнәң арқылы жеткен жетістігіңе қуануың , ол күнәңнан да ауыр , Жасай алмай қалған бір күнәң үшін өкінуің , жасамақшы болған күнәңнан да ауыр , барша нәрсені білуші Аллаһтан жүрегің үрейленбей ,"істеп жатқан күнәмді елге көрсетіп қояды ма ?" – деп , есіктің пердесін қозғаған желден қорқуың кіріскен күнәңнан да ауыр."                         5. Жасаған күнәні жариалау .                         Бір пенде түнін күнәменен өткізеді . Аллаһ оның сол күнәсін адамдардан перделеп жасырып қояды . Бірақ әлгі пенде өз күнәсін өз тіліменен елге жариалап , Аллаһтың жапқан пердесін ашып тастайды . Тағы бір күні келіп өзінің істеген күнәсін паш етіп , не істеп , не қойғанын мәз болып әңгімелеп отырады . Расында Аллаһ оның күнәсін ел көзінен перделеп жасырып қойған еді . Ол сол айыбын жауып тұрған пердені тіліменен ысырып тастап отырады . Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы тұрғысында ;                         "Жариалаушылардан басқа барша үмбетім кешірімге бөленеді . Расында жариалау – дегеніміз , бір кісі түнде бір ( күнәлі ) істі жасайды , кейін таң атырады . Аллаһ оның ол күнәсін жасырып қойған еді . Ал оның болса "ей пәленше мен өткен кеште анаған ұқсас , мынаған ұқсас істерді істедім " – деп айтуы . Ол күнәсін Раббысы перделеген күйде түнді өткізген еді . Таңды атырады да , Аллаһтың оған жапқан пердесін ашып тастайды". – деп айтқан .                        6.Өзгелер үлгі тұтар басшы болу .                        Бұл бір үлкен өндіріс орынының басшысы болуы мүмкін . Немесе мектептің басшысы . Әлде жоғарғы оқу орнының басшысы . Басшы болмаса да көпшілікке танымал болған мәшһүр бір адам болуы мүмкін . Кейін сол адам темекі тарта бастайды . Басшы бастаған соң , қосшылар қостап , олар да темекі шегуді бастайды . Кейін ол , адамның есін кетіріп есіртетін арақ , есірткі сиақты нәрселерге ұрынса , оны үлгі тұтып соңынан ерушілер де ізін басып қателікке жол қоюы мүмкін . Осыған ұқсас тағы бір мысал , егер бір жас бойжеткен қыз дене пошымын айшықтап көрсететін тар шалбарды киіп көшеге шықса , көпшіліктің көңілін өзіне аударып , нашар үлгіге айналады .                        Егер сен де өзгелер үлгі тұтқан адамдардан болсан , онда хал- ахуалың осы күйде болуы мүмкін . Сондықтан былай- деп сөйлеуші хадиске құлақ салып , оны есте ұста .                        "Кім исламда нашар бір жолды ( істі , әдетті ) бастаса , ол нәрсенің күнәсі өзіне болады . Және ол бастаушыдан кейін  сол істі жасағандардың да күнәсі соған  жазылады , кейінгілердің сол істен тапқан күнәлары ешбір кемітілместен ".( Муслим риуаят еткен)                        Бесінші тосқауыл: Кіші күнәларды жасаушылардың тосқауылы .                        Шынында кіші күнәлар үлкейеді . Өзінің егесін ақырында қасыретке душар еткен қаншама кіші күнәлар бар . Аллаһ сақтасын ондай нәтижеден !                         Расында шынайы иман келтірген адам өз қылмысын үлкейтіп көреді . Яғни ,  жасаған күнәсі кішкене болса да үлкен күнәдай сескенеді . Себебі ол сол күнә үшін Аллаһтан қорқады . Кішкене болса да жақсы істерді жасауда менсінбеушілік танытпайтыны сияқты . Өйткені ол сол жақсы істерден Аллаһтың нығметі мен фазилетін көреді . Ол мұсылман жүрегінен күнәларды кіші көріп сескенбеушілік  пен ізгі амалдарды кіші көріп менсінбеушілікке ұқсаған нәрселерден арылғанша жоғарыда айтылған екі жағдайда болады . Яғни ол екі жағдай ; күнә кіші болса да Аллаһтан  қорқып , одан бас тарту және ізгі іс кіші болса  да , Аллаһтан сауап үміт етіп оны жасау . Осылайша мүмін пенде күнәларды жарылқаушы , құлдарын рахметіне бөлеуші , тәубелерді қабыл етуші , өте жомарт , әрі нығметке бөлеуші Раббысына қарай бет алады . Раббысы оның тәубесін қабыл етіп , күнәлардың тосқауылынан арылтып , оған Өзінің разылығына жеткізетін жолды жеңілдетеді .                         Алтыншы тосқауыл : Ширк . ( Аллаһқа ортақ қосу күнәсі ) .                        Бұл тосқауыл ең ауыр , әрі ең күрделі тосқауыл . Бұдан тек таза таухид¹ арқылы ғана ажырауға болады . Ақиқатта ширк сөзінің негізгі мағынасы ; жүректің Аллаһтан өзге кез – келген нәрсеге тәуелді болып байлануы .Мейлі ол нәрсе денеге қатысты сыртқы тағат-ғибадат істерінде  болса да , немесе жүрекке қатысты махаббат , қорқу , үміт ету сиақты ішкі амалдарда болса да .  Осыларға ұқсас кез-келген ғибадат түрін Аллаһтан өзге нәрсеге арнап , сол нәрсеге байланып тәуелдену  үлкен ширк күнәсі болып табылады . Аллаһқа ең жеккөрінішті күнә - ширк күнәсі . Аллаһ – Тағалаға ширк ( серік қосу ) пен мушриктерден ( серік қосушылар ) өткен жаман нәрсе жоқ . Ширк күнәсінің түрі көп . Соның ішінде ең қатерлісі – жасырын ширк . Ол жайында Аллаһ Құранда былай – деген :                        "Және қиамет күні оларды түгел жинаймыз . Кейін серік қосушыларға "Сендердің ( Аллаһқа ) серік етіп алушы ортақтарың қайда ?"-деп , айтамыз . Кейін олардың бар берер жауабы "Раббымыз Аллаһқа ант етеміз , біз серік қосушылардан болмадық"-деген сылтау ғана болады .Қара!. Олар қалай өздеріне ( қасірет болып қайтатын ) өтірікті айтты. Және сөйтіп олардың қосқан ортақтары жоқ болды ( яғни , Аллаһқа серік етіп қосқан ортақтарының ешбірі оларға жәрдем етпеді )" (Анғам:22-24.)                        Ей, мұсылман бауырым ! Иманыңды ширк күнәсінен тазалап , барша ғибадат-құлшылығыңды жалғыз ғана Аллаһтың разылығы үшін орындауға әрекет ет . Аллаһтан ширк күнәсінен аман болуды сұра . Және Раббыңа мына дұғаменен сиын :                     " Иа, Аллаһ ! Расында мен білетін бір нәрсені Саған серік етіп қоюымнан сақтай көр – деп Өзіңе сиынамын және білмеген нәрсем үшін Өзіңнен кешірім өтінемін ". ( хадистен )1.Таухид – барша  ғибадат-құлшылық түрін бір ғана Аллаһқа арнау .                    Осылайша пенде барынша сиынуменен , таза ықыласпенен , Аллаһтан ғана пана іздеуменен ширк тосқауылынан құтылады .                     Жетінші тосқауыл: Фазилет пен байлық иелерінің шариғат рұқсат еткен нәрселерде шектен шығулары .                    Біреудің іші Аллаһ пен өзінің арасындағы байланысқа тосқауыл болуы мүмкін . Расында халал нәрселерден ішіп-жеу шариғат рұқсат еткен істерден . Бірақ пайғамбарымыз ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) былай-деп , айтқан :                        "Адам баласы қарыннан да жаманырақ ыдысты толтырмады "( Яғни, толтырған ыдыстарының ішіндегі ең жаманы өзінің қарыны )                    Егер адамның асқазаны толса пікірі ұйықтап , дене мүшелері тағат-ғибадаттан тосылады .Сол сиақты рұқсат етілген заттар ішінен киетін киім де Аллаһпен болатын байланысқа тосқауыл болуы мүмкін . Біреу киген киімімен елге көрінуді сүйеді . Ал пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай – деген:                        "Динардың¹ құлы , дирхамның² құлы , және киімнің құлы бақытсыз болды"(Бухари риуаят еткен)                        Яғни хадистен көріп тұрғанымыздай , олар дүниенің фәни заттарын ақыреттің бақи заттарынан артық қоюлары себепті тиын-тебен , киім-кешек сиақты өздерінің сүйген заттарының  құлы –деп аталынған . Осы нәрсе оларға Раббыларының разылығына жетуге тосқауыл болады . Сол киімнің құлы болғандардың біріне "пайғамбарымыз( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  : "Шалбардың (балағының) тобықтан төмен болғаны тозақта "-деп айтқан .Шалбарыңның балағын тобықтан төмен түсіріп , жерге сүйретпей жоғары көтеріп қысқарт "-десең , "мен қысқа етіп кигенге ұяламын . Және не үшін олай істеуім керек ?. Қалай күнделікті ішіп , жерімді табам –деп , ондай нәрселерді ойлауға уақытымның жоқ екенін көрмейсің бе ?" – деп , әркім әртүрлі сылтауын айта салады . Бұл айтылғандардан мақсат ,расында әдет – ғұрыптар , рұқсат етілген нәрселерде шектен шығушылық , өзіне жетерлік нәрселерді қанағат етпеу , аш көздікпенен артықшаға ұмтылу  сиақты істер құл мен Құдайдың арасына  тосқауыл болады .                         Ұйқының көптігі де тосқауыл . Ұйықтау рұқсат етілген істерден . Бірақ түнгі таһажжуд намазына тұрмастан , тіпті таң намазының уақыты өткенше ұйықтау зианға ұшыратады . Міне осы сияқты парыз ғибадаттардан қалдыратын ұйқы Аллаһтың разылығына жетер жолдағы кедергі . Осыларғаұқсас пенде жүрегінің әйелімен төсек қатынасында болуға артықша құмартуы , мубах³ істерге  көп көңіл бөлуі , тағат – ғибадаттардан гөрі , осындай рұқсат етілген істермен көбірек шұғылданып , уақытын өткізуі адам мен Аллаһ арасындағы тосқауылға айналады .                         Аллаһ Тағала біздерді Оның разылығына жетуден тосатын осындай тосқауылдардан сақтасын !1,2. Сол уақыттардағы ақша өлшем бірліктері .   3. Істелу ,істелмеуінен не күнә ,не сауап жоқ істер .                        Сегізінші тосқауыл: Аллаһтан ғапыл болғандардың тосқауылы .                        Адам өзінің Раббысымен болған байланысын үзіп , Оны ұмыта бастаған сәттерде , ғапылдық оның жүрегіне үкімін жүргізе бастайды . Соның салдарынан пенде нәпсісіне еріп , шайтанды дос тұтады . Аллаһ Өзінің Кітәбі Құранда былай-деп , бұйырады :                        " Және Біз жүрегін  Бізді еске алудан ғапыл етіп қойған , нәпсісінің қалауына ерген және ісі шектен шыққандарға бағынба " (Кәһф:28)                        Ал бұл ғапылдық тосқауылынан құтылу үшін , жүрекке мына үш нұрды орнатуға қам жасау керек .                        Бірінші нұр: Аллаһ Тағаланың берген нығметтерін іштей де , сырттай да сезіну , тану . Жүрек Аллаһқа - деген махаббатпен бөленгенше осы талпыныста болу . Расында жүрек өзіне жақсылық жасаушыны сүйуге бейім болып жаратылған .                         Екінші нұр: Өзінің жасап қойған қылмыстары мен күнәларын естеу , оларға ой жүгірту . Осы нәрсе арқылы адам өзінің бейшара хәлін сезініп , өзін - өзі дүние – ақыреттің жамандығына сүйреп жүргенін біледі . Және сонда өзінің әлсіздігі мен кемшілігінің көптігін байқайды . Әрі Жаратушы Раббысын ұлы да , кәміл сипаттарымен тани түседі . Аллаһқа мұқтаждығын сезініп , Оған жалбарына бас иіп , әміріне бойұсынады . Оның берген нығметі мен кеңшілігі үшін шүкірлік етуге және Оның разылығына жету мақсатында тағат – ғибадаттарды жасауға  асығады .                          Үшінші нұр : Өткен күндерінде жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне көңіл бұру .Адамның өмірі - ақыретке қам жасау үшін берілген уақыт .Ендігі қалған ғұмырында барлық күш - жігерін  өткен өмірінде кеткен  кемістіктер мен олқылықтардың орынын толтыруға жұмсау . Сонда бақылаушы , әрі байқампаз болған болып , жүрегі сол істермен мазасызданады . Соның әсерінен өз бойынан ұйқыға шомған жүрегін оятушы сергектікті табады . Және кемшіліктен пәк болған Раббысы Аллаһ Тағалаға әрдайым итағатта болады . Осы үш нұр орнықса жүрекке Аллаһтың нұры түсіп , ғапылдықтың тосқауылы кетіріледі .                        Тоғызыншы тосқауыл: Жаман әдеттер мен соқыр еліктеушілік  тосқауылы .                         Расында кейбір адамдар Аллаһтың емес әдеттің құлына айналған . Мысалы темекіні шегетіндердің біріне "Неге темекіні шегесің ? "-десең , "маған  бір жаман әдет пайда болды. Бұл темекіге құмартуышы да емеспін . Оған мұқтаждығым да жоқ . Бірақ ашуға булыққан уақыттарымда біреуін тұтандырып жіберсем , біраз мезгілден кейін ашуымның тарап , жанымның тынышталғанын сезінемін " – дейді . Міне , осылайша жаман әдеттің кесірінен темекінің құлына айналған . Осынысы өзі мен Аллаһтың арасына тосқауыл болады . Сондықтан Аллаһтың разылығына жету жолдарының әуелі – жаман әдеттерге әуес болмай , олардан арылу . Аллаһтың дидарына қауышуды қалаған адамға Одан өзге нәрсеге құлшылық етіп , соның жетегіне түсіп кетуден сақ болуы керек .                         Шейхул ислам Ибн Таймия өз сөзінде :                        "Кісі тағат - ғибадат тұрғысында   Аллаһтан өзге нәрсеге болған тәуелділіктен толық ажырамайынша , жасаған  құлшылықтары дұрыс болмайды "-деген .Аллаһтың қабылдауы мен сүйіспеншілігіне жету үшін , өзге нәрселерге болған тәуелділіктен толық ажырап , Оған қарай таза жүрек , шынайы ықыласпен қадам басу керек .                         Оныншы тосқауыл :Мақсат еткен жолдарынан бұрылып кеткен ыждаһаттылардың тосқауылы .                         Бұл тосқауыл тағат-ғибадаттарды ләзім тұтып орындаған , бірақ істеген амалдарына баға беріп , өз нәпсілеріне ғажаптанушы пенделер . Өз-өзіне ғажаптанып , баға беріп жасаған амалы -  Раббысының разылығына жетуіне тосқауыл болады . Негізінде жасалған амалға тоқмейілсініп ғажаптанудан алыс болу керек . Пендеге Аллаһтың берген нығметін тану мен өзінің , әрі амалының кемшілігін көрудің арасында болу керек . Сол амалды Аллаһтың жәрдемі мен таупиқының арқасында орындағанын және ол нәрсе Аллаһтың оған берген игілігі мен кеңшілігі екенін білуі керек .Және керісінше "неге керек етілген дәрежеде орындамадым "- деп , амалына зерттеу жүргізгені дұрыс.Амалымды Аллаһ хұзырында қабыл болуына кедергі болатын апатты кемшіліктер ластап қоймады ма екен ?-деп , қорқу керек . Міне осылай болғанда ғана пенде Раббысының разылығына қарай бағытталған жүрісінде ыждаһатты болады . Олай болмаса өзінің жасаған аз амалына риза болып , жүрегі ғажаптанумен байланып , жүрісінен жаңылады .Және осы сиақты істеген амалына риза болып ,ғажаптану пендені Раббысын ойлаудан әурелеп қояды . Ал бұл нәрсе тосқауыл болады .Себебі , құлдың жасаған амалдарынан тоқмейілсіп риза болуы , өзі жайында артықша жақсы ойда болуын білдіреді . Ал ақиқи ғибадат жайында хабары мардымсыз екенін көрсетеді . Сонымен қатар бұл нәрсе Раббысының қандай ғибадаттарға лайықты екенінен , әрі Оған қалайша ғибадат жасау  керектігінен білімінің жоқтығының көрсеткіші болады . Адамның аз амалға мәз болып , өз-өзіне ғажаптануы өз нәпсісін , оның жаратылыс сипатын , қателік -кемшілігін танымаудан және жасаған амалдарының айыптарын ескермеуден туындайды . Және бұл оның Раббысы мен Оның хақысы жайында танымының саяздығы . Міне , сыртқы үлкен күнәлардан да жаманырақ болған  өз-өзіне ғажаптану мен тәкәппарлық сияқты күнәлар осындай кемшіліктерден бастау алады . Жасаған амалға риза болып тоқмейілсу-ақылдың кемістігі мен сананың төмендігі . Және мына сөзді айтушы адам қалай дәл тапқан :                        " Сен қашан өзің мен Аллаһ үшін жасаған амалыңнан риза болсаң , онда біл , расында Аллаһ ол амалыңнан риза емес . Кім өз нәпсісінің барша жамандық пен кемшіліктің ордасы екенін және амалы барша нұқсан мен апаттардың көздеген нысанасы екенін білсе , онда қалайша ол Аллаһ үшін өз  нәпсісі мен амалынан риза бола алады ?!".                                     Ақылыңды  ақиқатқа  бұрып  бүтін ,                                                           Тани түссең Раббыңның ұлықтығын ,                                     Анық  болып  өзіңнің    әлсіздігің ,                                     Білер едің нәпсіңнің     бұзықтығын .                        Иә , Раббыңның ұлықтығын тани түссең сенің Оның разылығы үшін жұмсаған бүкіл күш-қуатыңның  құны түкке татығысыз екенін білесің .Және жан -жағыңа пікір көзімен қарап , Аллаһтың жаратушылық құдіретіне куәгер  болып ,  барша ғибадат - құлшылыққа Оның ғана лайықты екенін білген сайын - Ол Раббың туралы танымың арта түседі .Сонда өзіңді де тани түсесің ." Ие болып отырмын "- деген , қолыңдағы нығмет пен байлықтардың мөлшеріне көз жеткізесің . Әрі "бір нәрсеге иемін" –деп айтуға ұялар едің . Сол кезде азғантай амалыңа риза болу тұрмақ , Раббыңның алдына бүкіл адамдар мен жындардың жасаған амалдарыменен барсаң да , нәтижеде ешбір нығметке жете алмай қалудан қорқар едің  .Расында Аллаһ құлдарының жасаған амалын Өзінің кеңшілігімен , жомарттығымен қабылдайды . Және ол амалдарға сауап пен сыйлықтарды да  Өзінің кеңшілігімен , жомарттығымен береді. Осы тұста " барша күш-қуат менде " –дегеннен алыстап , барша күш-қуат Аллаһтан екенін түсінеді . Және бұл оныншы тосқауылдан құтылады .                         Осы жоғарыда айтылып өткен тосқауылдардың бірі екіншісінен де қиынырақ . Көрдің бе ей, Аллаһтың пендесі ?!. Сені Раббыңнан қаншама кедергілер алыстатып тұрғанын . Онда Аллаһ үшін айтшы , осы тосқауылдардан қалай құтылуға болады ?. Сен олардан  құтылғың келсе , Аллаһқа келтірген иманыңда шынайы бол . Себебі ол тосқауылдардан Аллаһтан өзге ешкім құтқара алмайды .                         Бұл  тұрғысында имам Ибн Қайим :                        "Осы пенденің жүрегі мен Аллаһ Тағаланың арасындағы он тосқауыл , сол пенденің Аллаһтың разылығына жету жолындағы жүрісіне көп кедергісін тигізеді . Және осы он тосқауыл төрт нәрседен бастау алады .Ол нәрселер ; жамандыққа бұйырушы нәпсі , шайтан малғұн , фәни дүние және көңіл қалауы . Осы төрт нәрсенің біреуі жүрекке орнығатын болса , тосқауылдардан ажырау мүмкін емес . Сондықтан , өзің мен Раббыңның арасындағы тосқауылдардан құтылғың келсе , саған осы төрт жамандықтың бастауларынан барынша алыстау тиіс болады ".                         Құдіреті күшті Аллаһтан біздерді ықыласты сөздер мен істерге лайықты етуін , әрі жасаған тағат-ғибадаттарымызды қабыл етуін сұранамыз .Және Аллаһ Тағала пайғамбарымыз Мухаммедке , оның әулеті мен сахабаларына  игілігі мен сәлемін жолдасын !