القدوس
كلمة (قُدُّوس) في اللغة صيغة مبالغة من القداسة، ومعناها في...
Олар / мұнафиқтар / : «Айтпадық / дінге, Елшіге тіл тигізбедік / » - деп, Аллаһпен ант ішеді. Ал, анығында, олар ислам дініне кіргеннен кейін күпірлік / қарсылық / сөзін айтып, күпірлік етті / діннен шықты / . Сондай-ақ, олар қолдары жете алмағанды көздеген еді.Аллаһ Өз кеңшілігінен байытқанына болмаса, олардың Аллаһ және Оның Елшісіне / басқа / тағар кінәсі болмады. Егер олар істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / , өздері үшін жақсы болады. Ал, егер теріс бұрылса, Аллаһ оларды бұл өмірде де және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / де күйзелтуші азаппен азаптайды. Оларға жер бетінде қамқоршы да, көмек беруші де жоқ.