الرفيق
كلمة (الرفيق) في اللغة صيغة مبالغة على وزن (فعيل) من الرفق، وهو...
Анығында, Раббың сенің түннің үштен екісінен азырақ бөлігін әрі оның жартысын және үштен бір бөлігін / намазда / тұрып өткізетініңді біледі және сенімен бірге болғандардан бір топтың да. Түн мен күндіздің мөлшерін Аллаһ белгілейді. Ол сендердің есептей алмайтындарыңды біледі, сондықтан Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етті. Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Ол араларыңда науқастар болатынын, біреулер Аллаһтың кеңшілігін іздеп сапарда болатындарын және біреулер Аллаһтың жолында соғысатынын біледі. Ендеше, одан жеңіл келгенін оқыңдар әрі намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле! толық орындаңдар және зекетті беріңдер және Аллаһқа көркем қарыз беріңдер. Өздерің үшін алдын ала қандай жақсылық істеген болсаңдар, оны Аллаһтың алдында содан да қайырлы әрі ұлы сый күйінде табасыңдар. Аллаһтан кешірім тілеңдер. Шын мәнінде, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Рақымды .