البحث

عبارات مقترحة:

الجواد

كلمة (الجواد) في اللغة صفة مشبهة على وزن (فَعال) وهو الكريم...

الغفار

كلمة (غفّار) في اللغة صيغة مبالغة من الفعل (غَفَرَ يغْفِرُ)،...

السميع

كلمة السميع في اللغة صيغة مبالغة على وزن (فعيل) بمعنى (فاعل) أي:...

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

ترجمة معاني القرآن الكريم للغة الكازاخية ترجمة جمعية خليفة الطاي الخيرية. ملاحظة: ترجمات بعض الآيات (مشار إليها) تم تصويبها بمعرفة مركز رواد الترجمة، مع إتاحة الاطلاع على الترجمة الأصلية لغرض إبداء الرأي والتقييم والتطوير المستمر.

1- ﴿بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ المر ۚ تِلْكَ آيَاتُ الْكِتَابِ ۗ وَالَّذِي أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ الْحَقُّ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يُؤْمِنُونَ﴾


Әлиф Ләм Ра. / Ей, Мұхаммед! / Бұл Кітаптың аяттары. Әрі Раббыңнан саған түсірілгендер ақиқат. Алайда, адамдардың көбі сенбейді.

2- ﴿اللَّهُ الَّذِي رَفَعَ السَّمَاوَاتِ بِغَيْرِ عَمَدٍ تَرَوْنَهَا ۖ ثُمَّ اسْتَوَىٰ عَلَى الْعَرْشِ ۖ وَسَخَّرَ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ ۖ كُلٌّ يَجْرِي لِأَجَلٍ مُسَمًّى ۚ يُدَبِّرُ الْأَمْرَ يُفَصِّلُ الْآيَاتِ لَعَلَّكُمْ بِلِقَاءِ رَبِّكُمْ تُوقِنُونَ﴾


Аллаһ Ол аспандарды тірексіз көтерген, оны / тіректі / болғанда көретін едіңдер, кейін Аршыға көтерілді. Әрі күн мен айды бағынышты етті. Олардың әрқайсысы белгіленген бір мерзімге дейін қозғалады. Ол бүкіл істерді басқарады әрі өздеріңнің Раббыңа жолығуға айқын сенулерің үшін белгі-дәлелдерді анық етіп түсіндіреді.

3- ﴿وَهُوَ الَّذِي مَدَّ الْأَرْضَ وَجَعَلَ فِيهَا رَوَاسِيَ وَأَنْهَارًا ۖ وَمِنْ كُلِّ الثَّمَرَاتِ جَعَلَ فِيهَا زَوْجَيْنِ اثْنَيْنِ ۖ يُغْشِي اللَّيْلَ النَّهَارَ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ﴾


Әрі Ол жерді созып / жайып / және он­да берік орнатылғандарды / тауларды / әрі өзендерді пайда қылған және онда жемістердің әрбірінен жұп етіп екеу жасаған. Ол түнмен күндізді жабады. Ақиқатында, осыларда ойланып қарайтын адамдар үшін белгі-дәлелдер бар.

4- ﴿وَفِي الْأَرْضِ قِطَعٌ مُتَجَاوِرَاتٌ وَجَنَّاتٌ مِنْ أَعْنَابٍ وَزَرْعٌ وَنَخِيلٌ صِنْوَانٌ وَغَيْرُ صِنْوَانٍ يُسْقَىٰ بِمَاءٍ وَاحِدٍ وَنُفَضِّلُ بَعْضَهَا عَلَىٰ بَعْضٍ فِي الْأُكُلِ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَعْقِلُونَ﴾


Әрі жерде бір-біріне көршілес жатқан бөліктер бар және жүзім бақтары, егіндер, бір тамырдан бірнеше болып және жалғыз болып шығатын құрма ағаштары бар. Олар бір сумен суғарылады, бірақ оларды тамақ ретінде бірінен-бірін артық етеміз. Ақиқатында, бұларда ақылмен ұғынатын адамдар үшін дәл елдер бар.

5- ﴿۞ وَإِنْ تَعْجَبْ فَعَجَبٌ قَوْلُهُمْ أَإِذَا كُنَّا تُرَابًا أَإِنَّا لَفِي خَلْقٍ جَدِيدٍ ۗ أُولَٰئِكَ الَّذِينَ كَفَرُوا بِرَبِّهِمْ ۖ وَأُولَٰئِكَ الْأَغْلَالُ فِي أَعْنَاقِهِمْ ۖ وَأُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ﴾


/ Ей, Мұхаммед! / Егер сен таң қалатын болсаң, олардың: «Біз топырақ болып кеткенімізде, жаңадан жаратыламыз ба?» дегендері таң қаларлық сөз. Міне, солар өздерінің Раббысына күпірлік еткендер / сенбеген, қарсы келгендер / . Әрі олар мойындарында бұғаулар болатындар және солар оттағылар. Олар ол жерде мәңгі қалушылар.

6- ﴿وَيَسْتَعْجِلُونَكَ بِالسَّيِّئَةِ قَبْلَ الْحَسَنَةِ وَقَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهِمُ الْمَثُلَاتُ ۗ وَإِنَّ رَبَّكَ لَذُو مَغْفِرَةٍ لِلنَّاسِ عَلَىٰ ظُلْمِهِمْ ۖ وَإِنَّ رَبَّكَ لَشَدِيدُ الْعِقَابِ﴾


Олар сені жақсылыққа қарағанда жамандыққа / оның тез болуын сұрап / асықтырады. Оларға дейін осы секілді ғибрат аларлық жазалар болып өткен еді. Анығында, Раббың адамдарға, олардың әділетсіздік етіп жатқанына қарамастан кешірім Иесі. Негізінде, Раббың жазаны беруде де қатты.

7- ﴿وَيَقُولُ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوْلَا أُنْزِلَ عَلَيْهِ آيَةٌ مِنْ رَبِّهِ ۗ إِنَّمَا أَنْتَ مُنْذِرٌ ۖ وَلِكُلِّ قَوْمٍ هَادٍ﴾


Әрі сондай күпірлік етушілер / қарсы келушілер / : «Неге оған Раббысынан бір мұғжиза түсірілмейді?» дейді. Шын мәнінде, сен бір ескертуші ғанасың. Әрі әрбір ел үшін / тура жолға шақыратын / жетекші бар.

8- ﴿اللَّهُ يَعْلَمُ مَا تَحْمِلُ كُلُّ أُنْثَىٰ وَمَا تَغِيضُ الْأَرْحَامُ وَمَا تَزْدَادُ ۖ وَكُلُّ شَيْءٍ عِنْدَهُ بِمِقْدَارٍ﴾


Аллаһ әрбір ұрғашының нені көтеріп жүргенін және жатырлардың нені кемітіп, арттыратынын біледі. Әрбір нәрсе Оның алдында өлшеулі.

9- ﴿عَالِمُ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ الْكَبِيرُ الْمُتَعَالِ﴾


Ол ғайып пен анық нәрсені Білуші, өте Үлкен, бәрінен Жоғары.

10- ﴿سَوَاءٌ مِنْكُمْ مَنْ أَسَرَّ الْقَوْلَ وَمَنْ جَهَرَ بِهِ وَمَنْ هُوَ مُسْتَخْفٍ بِاللَّيْلِ وَسَارِبٌ بِالنَّهَارِ﴾


Сендерден кім сөзді жасырса да, не оны жария сөйлесе де және кім түнде жасырынып, күндіз ашық шықса да / Оған / бәрі бірдей.

11- ﴿لَهُ مُعَقِّبَاتٌ مِنْ بَيْنِ يَدَيْهِ وَمِنْ خَلْفِهِ يَحْفَظُونَهُ مِنْ أَمْرِ اللَّهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَا يُغَيِّرُ مَا بِقَوْمٍ حَتَّىٰ يُغَيِّرُوا مَا بِأَنْفُسِهِمْ ۗ وَإِذَا أَرَادَ اللَّهُ بِقَوْمٍ سُوءًا فَلَا مَرَدَّ لَهُ ۚ وَمَا لَهُمْ مِنْ دُونِهِ مِنْ وَالٍ﴾


Оның / әрбір адамның / алдында әрі артында, Аллаһтың әмірі бойынша қорғайтын муъаққибат / одан айрылмай жүретін періштелер / п77 бар. Анығында, адамдар өздеріңдегіні / иман, бойсұну, ізгі амалдар, шүкіршілігін т. б. / 1178 өзгертпейінше, Аллаһ олардағыны өзгертпейді. Ал, Аллаһ бір елге жамандық қаласа, онда оны еш нәрсе қайтара алмайды. Әрі Одан өзге оларға ешбір қамқорлық етуші жоқ.

12- ﴿هُوَ الَّذِي يُرِيكُمُ الْبَرْقَ خَوْفًا وَطَمَعًا وَيُنْشِئُ السَّحَابَ الثِّقَالَ﴾


Ол / Аллаһ! сендерге найзағайды қорқыныш және үміт ретінде көрсетеді әрі ауыр бұлттарды пайда қылады.

13- ﴿وَيُسَبِّحُ الرَّعْدُ بِحَمْدِهِ وَالْمَلَائِكَةُ مِنْ خِيفَتِهِ وَيُرْسِلُ الصَّوَاعِقَ فَيُصِيبُ بِهَا مَنْ يَشَاءُ وَهُمْ يُجَادِلُونَ فِي اللَّهِ وَهُوَ شَدِيدُ الْمِحَالِ﴾


Күннің күркіреуі Оны мақтап, дәріптейді және Одан қорыққандықтан періштелер де. Әрі Ол саъиқа жіберіп, онымен қалағанын ұрады. Ал олар / мүшріктер / болса, Аллаһ жайында сөз таластырады. Ал, Ол жазалауда өте қатты.

14- ﴿لَهُ دَعْوَةُ الْحَقِّ ۖ وَالَّذِينَ يَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ لَا يَسْتَجِيبُونَ لَهُمْ بِشَيْءٍ إِلَّا كَبَاسِطِ كَفَّيْهِ إِلَى الْمَاءِ لِيَبْلُغَ فَاهُ وَمَا هُوَ بِبَالِغِهِ ۚ وَمَا دُعَاءُ الْكَافِرِينَ إِلَّا فِي ضَلَالٍ﴾


Ақиқаттың шақыруы / сиыну, дұға-тілектер / Оған / арналады!. Ал Одан өзге шақырылғандар еш нәрсемен жауап бермейді. / Серік қосушылар / суды аузына әкелу үшін екі қолын созған біреу тәрізді, алайда су оның аузына жетпейді. Кәпірлердің тілегі тек адасушылық ішінде.

15- ﴿وَلِلَّهِ يَسْجُدُ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ طَوْعًا وَكَرْهًا وَظِلَالُهُمْ بِالْغُدُوِّ وَالْآصَالِ ۩﴾


Аспандардағы және жердегі әрбіреу ерікті және еріксіз түрде, таңертең және күндіздің соңында1'84 Аллаһқа сәжде жасайды әрі олардың көлеңкелері де.

16- ﴿قُلْ مَنْ رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ قُلِ اللَّهُ ۚ قُلْ أَفَاتَّخَذْتُمْ مِنْ دُونِهِ أَوْلِيَاءَ لَا يَمْلِكُونَ لِأَنْفُسِهِمْ نَفْعًا وَلَا ضَرًّا ۚ قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الْأَعْمَىٰ وَالْبَصِيرُ أَمْ هَلْ تَسْتَوِي الظُّلُمَاتُ وَالنُّورُ ۗ أَمْ جَعَلُوا لِلَّهِ شُرَكَاءَ خَلَقُوا كَخَلْقِهِ فَتَشَابَهَ الْخَلْقُ عَلَيْهِمْ ۚ قُلِ اللَّهُ خَالِقُ كُلِّ شَيْءٍ وَهُوَ الْوَاحِدُ الْقَهَّارُ﴾


/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аспандардың және жердің Раббысы кім?» деп. Айт: «Аллаһ!» деп. Айт: «Сендер өздеріне не пайда, не зиян келтіре алмайтын біреулерді, Одан өзге қамқоршылар етіп алдыңдар ма?» деп. Айт: «Соқыр мен көруші тең бе немесе қараңғылықтар мен жарық тең бе? Я болмаса, олар Аллаһқа, Оның жаратқанындай жарататын, жаратулары Аллаһтың жаратуына ұқсас келетін ортақтар қоса ма?» деп. Айт: «Аллаһ барлық нәрсенің Жаратушысы. Әрі Ол Жалғыз, Біреу , бәрін Бағындырушы / ».

17- ﴿أَنْزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَسَالَتْ أَوْدِيَةٌ بِقَدَرِهَا فَاحْتَمَلَ السَّيْلُ زَبَدًا رَابِيًا ۚ وَمِمَّا يُوقِدُونَ عَلَيْهِ فِي النَّارِ ابْتِغَاءَ حِلْيَةٍ أَوْ مَتَاعٍ زَبَدٌ مِثْلُهُ ۚ كَذَٰلِكَ يَضْرِبُ اللَّهُ الْحَقَّ وَالْبَاطِلَ ۚ فَأَمَّا الزَّبَدُ فَيَذْهَبُ جُفَاءً ۖ وَأَمَّا مَا يَنْفَعُ النَّاسَ فَيَمْكُثُ فِي الْأَرْضِ ۚ كَذَٰلِكَ يَضْرِبُ اللَّهُ الْأَمْثَالَ﴾


Ол аспаннан су түсіріп, аңғарлар өз мөлшеріне сай суға толды. Сонда, сел көпірген көбіктерді алып кетті. Сондай-ақ олардың әшекей немесе бір бұйым / жасауды / қалап, от ішіне салып еріткендерінен де сондай көбік / пайда / болады. Аллаһ ақиқат пен жалғанды осылай етіп келтіреді. Көбік тарап жоғалады да адамдарға пайда келтіретін нәрсе жерде қалады. Аллаһ мысалдарды міне осылай береді.

18- ﴿لِلَّذِينَ اسْتَجَابُوا لِرَبِّهِمُ الْحُسْنَىٰ ۚ وَالَّذِينَ لَمْ يَسْتَجِيبُوا لَهُ لَوْ أَنَّ لَهُمْ مَا فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا وَمِثْلَهُ مَعَهُ لَافْتَدَوْا بِهِ ۚ أُولَٰئِكَ لَهُمْ سُوءُ الْحِسَابِ وَمَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ ۖ وَبِئْسَ الْمِهَادُ﴾


Өздерінің Раббысына жауап бергендер үшін ең жақсысы / Жәннат / бар. Ал, Оған жауап бермегендер, жердегі нәрселердің барлығы және сонымен бірге тағы сондай нәрсе өздерінде болса, / құтылу үшін / оны өтем етіп төлер еді. Міне, осыларға есептің жаманы болады, олардың тұрағы Жаһаннам. Ол неткен жаман орын.

19- ﴿۞ أَفَمَنْ يَعْلَمُ أَنَّمَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ الْحَقُّ كَمَنْ هُوَ أَعْمَىٰ ۚ إِنَّمَا يَتَذَكَّرُ أُولُو الْأَلْبَابِ﴾


/ Ей, Мұхаммед! / Саған Раббыңнан түсірілгеннің ақиқат екенін білетін адам, соқыр адам секілді ме? Негізінде, мұны ақыл иелері естеріне алады.

20- ﴿الَّذِينَ يُوفُونَ بِعَهْدِ اللَّهِ وَلَا يَنْقُضُونَ الْمِيثَاقَ﴾


Солар Аллаһпен болған уәделерін орындайтын әрі келісімдерін бұзбайтындар,

21- ﴿وَالَّذِينَ يَصِلُونَ مَا أَمَرَ اللَّهُ بِهِ أَنْ يُوصَلَ وَيَخْشَوْنَ رَبَّهُمْ وَيَخَافُونَ سُوءَ الْحِسَابِ﴾


және солар Аллаһ жалғануын бұйырғанды жалғайтын және өздерінің Раббысынан қорқатын әрі Есептің жаман болуынан қауіптенетіндер,

22- ﴿وَالَّذِينَ صَبَرُوا ابْتِغَاءَ وَجْهِ رَبِّهِمْ وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ وَأَنْفَقُوا مِمَّا رَزَقْنَاهُمْ سِرًّا وَعَلَانِيَةً وَيَدْرَءُونَ بِالْحَسَنَةِ السَّيِّئَةَ أُولَٰئِكَ لَهُمْ عُقْبَى الدَّارِ﴾


және солар өздерінің Раббысының дидарын / разылығы мен сыйын / іздеп сабыр ететін және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтын әрі өздеріне ризық етіп бергенімізден құпия және жария түрде жұмсайтын және жамандықты жақсылықпен кетіретіндер. Міне, солар үшін соңғы мекен -

23- ﴿جَنَّاتُ عَدْنٍ يَدْخُلُونَهَا وَمَنْ صَلَحَ مِنْ آبَائِهِمْ وَأَزْوَاجِهِمْ وَذُرِّيَّاتِهِمْ ۖ وَالْمَلَائِكَةُ يَدْخُلُونَ عَلَيْهِمْ مِنْ كُلِّ بَابٍ﴾


’Адн Жәннатының бақтары. Оған олар әкелері / ата-аналары / , жұбайлары және ұрпақтарының ізгі болғандарымен бірге кіреді. Оларға періштелер барлық қақпалардан кіріп:

24- ﴿سَلَامٌ عَلَيْكُمْ بِمَا صَبَرْتُمْ ۚ فَنِعْمَ عُقْبَى الدَّارِ﴾


«Сабыр еткендерің үшін сендерге «сәлем» / амандық болсын / !» дейді. бұл соңғы тұрақ қандай керемет.

25- ﴿وَالَّذِينَ يَنْقُضُونَ عَهْدَ اللَّهِ مِنْ بَعْدِ مِيثَاقِهِ وَيَقْطَعُونَ مَا أَمَرَ اللَّهُ بِهِ أَنْ يُوصَلَ وَيُفْسِدُونَ فِي الْأَرْضِ ۙ أُولَٰئِكَ لَهُمُ اللَّعْنَةُ وَلَهُمْ سُوءُ الدَّارِ﴾


Ал, Аллаһпен уәде бекіткеннен кейін оны бұзатындар және Аллаһ жалғауды бұйырғанды / туыстық қатынасты / үзетіндер әрі жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істейтіндерге лағнет және тұрақтың жаманы / тозақ / бар.

26- ﴿اللَّهُ يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَنْ يَشَاءُ وَيَقْدِرُ ۚ وَفَرِحُوا بِالْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَمَا الْحَيَاةُ الدُّنْيَا فِي الْآخِرَةِ إِلَّا مَتَاعٌ﴾


Аллаһ қалаған құлына ризықты кеңітіп не тарылтып қояды. Ал, олар / қарсы келушілер / осы өмірге қуанып, мәз болуда. Бірақ осы өмір кейінгі соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / қарағанда уақытша пайдалану ғана.

27- ﴿وَيَقُولُ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوْلَا أُنْزِلَ عَلَيْهِ آيَةٌ مِنْ رَبِّهِ ۗ قُلْ إِنَّ اللَّهَ يُضِلُّ مَنْ يَشَاءُ وَيَهْدِي إِلَيْهِ مَنْ أَنَابَ﴾


Әрі сондай күпірлік етушілер / иманға келмегендер / : «Оған неге Раббысынан бір мұғжиза түсірілмейді?» дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ қалаған құлын адастырып, ал Өзіне бойсұнып қайтушыны / тәубеге келушіні / тура жолға салады», деп.

28- ﴿الَّذِينَ آمَنُوا وَتَطْمَئِنُّ قُلُوبُهُمْ بِذِكْرِ اللَّهِ ۗ أَلَا بِذِكْرِ اللَّهِ تَطْمَئِنُّ الْقُلُوبُ﴾


Солар иманға келгендер және Аллаһтың Еске салуымен / Құранмен / жүректері тыныштық тауып, орныққандар. Біліңдер! Жүректер Аллаһтың Еске салуымен / Құранмен / тыныштық тауып, орнығады.

29- ﴿الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ طُوبَىٰ لَهُمْ وَحُسْنُ مَآبٍ﴾


Сондай иманға келген және ізгі амал жасағандарға Туба (Жәннаттағы игі ағаш) әрі қайтар орынның көркемі бар.

30- ﴿كَذَٰلِكَ أَرْسَلْنَاكَ فِي أُمَّةٍ قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهَا أُمَمٌ لِتَتْلُوَ عَلَيْهِمُ الَّذِي أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ وَهُمْ يَكْفُرُونَ بِالرَّحْمَٰنِ ۚ قُلْ هُوَ رَبِّي لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَإِلَيْهِ مَتَابِ﴾


/ Ей, Мұхаммед И Осылай етіп Біз сені өзіңе уахи еткенімізді оқуың үшін өздерінен бұрын / өзге / үмметтер өткен елге жібердік. Ал, олар әр-Рахманға / аса Мейірімдіге / күпірлік етуде / сенбеуде, қарсы келуде / . Айт: «Ол менің Раббым, Одан басқа ешқандай құдай жоқ. Мен Аллаһқа жүгініп, Оған ісімді тапсырдым / тәуекел еттім / әрі Оған тәубе етемін / бойсұнуға қайтамын / », деп.

31- ﴿وَلَوْ أَنَّ قُرْآنًا سُيِّرَتْ بِهِ الْجِبَالُ أَوْ قُطِّعَتْ بِهِ الْأَرْضُ أَوْ كُلِّمَ بِهِ الْمَوْتَىٰ ۗ بَلْ لِلَّهِ الْأَمْرُ جَمِيعًا ۗ أَفَلَمْ يَيْأَسِ الَّذِينَ آمَنُوا أَنْ لَوْ يَشَاءُ اللَّهُ لَهَدَى النَّاسَ جَمِيعًا ۗ وَلَا يَزَالُ الَّذِينَ كَفَرُوا تُصِيبُهُمْ بِمَا صَنَعُوا قَارِعَةٌ أَوْ تَحُلُّ قَرِيبًا مِنْ دَارِهِمْ حَتَّىٰ يَأْتِيَ وَعْدُ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ لَا يُخْلِفُ الْمِيعَادَ﴾


/ Әрі олар / : «Егер, бір Кітап болып, ол арқылы таулар жүргізіліп, немесе онымен жер тілімдене айрылып немесе онымен өліктер сөйлетілетін болғанда?» деді. Жоқ! Барлық әмір / билік, бұйрық, іс / Аллаһта.
Иманға келгендер, Аллаһ егер қалағанда, адамдардың барлығын тура жолмен жүргізетінін білмей ме? Ал, сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқақарсы келгендерге / істеген істері үшін пәлекеттер тиеді немесе олардың тұрақ, мекендеріне жақын жерде болады. Бұл Аллаһтың уәдесі келгенге дейін жалғасады. Ақиқатында, Аллаһ уәдені бұзбайды.

32- ﴿وَلَقَدِ اسْتُهْزِئَ بِرُسُلٍ مِنْ قَبْلِكَ فَأَمْلَيْتُ لِلَّذِينَ كَفَرُوا ثُمَّ أَخَذْتُهُمْ ۖ فَكَيْفَ كَانَ عِقَابِ﴾


/ Ей, Мұхаммед! / Анығында, сенен бұрынғы елшілер де келеке етілген еді. Мен сондай күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / уақыт беріп, кейін оларды ұстадым / жазаға тарттым / . Жазалауым қандай екен?

33- ﴿أَفَمَنْ هُوَ قَائِمٌ عَلَىٰ كُلِّ نَفْسٍ بِمَا كَسَبَتْ ۗ وَجَعَلُوا لِلَّهِ شُرَكَاءَ قُلْ سَمُّوهُمْ ۚ أَمْ تُنَبِّئُونَهُ بِمَا لَا يَعْلَمُ فِي الْأَرْضِ أَمْ بِظَاهِرٍ مِنَ الْقَوْلِ ۗ بَلْ زُيِّنَ لِلَّذِينَ كَفَرُوا مَكْرُهُمْ وَصُدُّوا عَنِ السَّبِيلِ ۗ وَمَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَمَا لَهُ مِنْ هَادٍ﴾


Барлық жанды істеген ісімен бірге бақылап тұрушы Ол өзгелермен бірдей ме? Ал, олар Аллаһқа серіктер қосты. Айт: «Оларды атаңдаршы. Әлде сендер Оған жер бетінде Ол білмейтін бір нәрсенің хабарын бермекшісіңдер ме, әлде бұл бос сөз бе?» деп. Жоқ, керісінше, сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқа серік қосқандарға / қулықтары әдемі етіп көрсетіліп, олар жолдан тосылды. Ал, кімді Аллаһ адастырса, оған тура жол көрсетуші жоқ.

34- ﴿لَهُمْ عَذَابٌ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۖ وَلَعَذَابُ الْآخِرَةِ أَشَقُّ ۖ وَمَا لَهُمْ مِنَ اللَّهِ مِنْ وَاقٍ﴾


Оларға осы өмірде азап бар. Ал соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / азабы одан да ауыр. Әрі оларды Аллаһтан қорғаушы жоқ.

35- ﴿۞ مَثَلُ الْجَنَّةِ الَّتِي وُعِدَ الْمُتَّقُونَ ۖ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ ۖ أُكُلُهَا دَائِمٌ وَظِلُّهَا ۚ تِلْكَ عُقْبَى الَّذِينَ اتَّقَوْا ۖ وَعُقْبَى الْكَافِرِينَ النَّارُ﴾


Тақуаларға / Аллаһқабойсұнып, жаза­сынан қорқып, сақтанатындарға / уәде етілген жәннат бақтарының мысалы оның астынан өзендер ағып жатады, оның жемістері және көлеңкелері әрдайым тұрақты. Тақуалардың / Раббысының жазасынан қорқып, сақтанатындардың / нәтижесі міне осындай. Ал, кәпірлердің соңы От / тозақ / .

36- ﴿وَالَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يَفْرَحُونَ بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ ۖ وَمِنَ الْأَحْزَابِ مَنْ يُنْكِرُ بَعْضَهُ ۚ قُلْ إِنَّمَا أُمِرْتُ أَنْ أَعْبُدَ اللَّهَ وَلَا أُشْرِكَ بِهِ ۚ إِلَيْهِ أَدْعُو وَإِلَيْهِ مَآبِ﴾


/ Ей, Мұхаммед! / Біз Кітап бергендерден саған түсірілгенге / Құранға / қуанатындар әрі / Аллаһтың Елшісіне қарсы / одақтас топтардың ішінде оның / Құранның / бір бөлігін теріске шығаратындар бар. Айт: «Шын мәнінде, мен Аллаһқа құлшылық етуге және Онымен қатар өзгелерге табынбауға / серік қоспауға / бұйырылдым. Әрі мен Оған шақырамын және Оған қайтамын», деп.

37- ﴿وَكَذَٰلِكَ أَنْزَلْنَاهُ حُكْمًا عَرَبِيًّا ۚ وَلَئِنِ اتَّبَعْتَ أَهْوَاءَهُمْ بَعْدَمَا جَاءَكَ مِنَ الْعِلْمِ مَا لَكَ مِنَ اللَّهِ مِنْ وَلِيٍّ وَلَا وَاقٍ﴾


Осылай Біз оны / Құранды / үкім етіп, арабша түсірдік. Егер өзіңе білім келгеннен кейін олардың көңілқұмарлығына ерсең, сені Аллаһтан / Оның жазасынан / арашалайтын бір жәрдемші де, қорғаушы да болмайды.

38- ﴿وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا رُسُلًا مِنْ قَبْلِكَ وَجَعَلْنَا لَهُمْ أَزْوَاجًا وَذُرِّيَّةً ۚ وَمَا كَانَ لِرَسُولٍ أَنْ يَأْتِيَ بِآيَةٍ إِلَّا بِإِذْنِ اللَّهِ ۗ لِكُلِّ أَجَلٍ كِتَابٌ﴾


/ Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын да елшілер жібердік әрі оларға жұбайлар мен ұрпақтар бердік. Бірде-бір Елшінің Аллаһтың рұқсатымен болмаса, қандай да бір белгі-мұғжиза келтіруі мүмкін емес. Әрбір мерзімнің уақыты жазулы.

39- ﴿يَمْحُو اللَّهُ مَا يَشَاءُ وَيُثْبِتُ ۖ وَعِنْدَهُ أُمُّ الْكِتَابِ﴾


Аллаһ қалаған нәрсесін өшіреді әрі / қалағанын / бекітеді. Кітаптың анасы / түпнұсқасы / Оның құзырында.

40- ﴿وَإِنْ مَا نُرِيَنَّكَ بَعْضَ الَّذِي نَعِدُهُمْ أَوْ نَتَوَفَّيَنَّكَ فَإِنَّمَا عَلَيْكَ الْبَلَاغُ وَعَلَيْنَا الْحِسَابُ﴾


/ Ей, Мұхаммед! / Саған оларға уәде етіп отырғанымыздың кейбірін көрсетсек те, немесе сенің жаныңды алсақ та, негізіңде саған жеткізу ғана міндет. Ал есеп алу Біздің міндетімізде.

41- ﴿أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّا نَأْتِي الْأَرْضَ نَنْقُصُهَا مِنْ أَطْرَافِهَا ۚ وَاللَّهُ يَحْكُمُ لَا مُعَقِّبَ لِحُكْمِهِ ۚ وَهُوَ سَرِيعُ الْحِسَابِ﴾


Біздің жерді әр тарапынан кемітіп жатқанымызды олар көрмей ме?! Аллаһ үкім етеді, Оның үкімін қайтарушы жоқ. Ол есеп алуда жылдам.

42- ﴿وَقَدْ مَكَرَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ فَلِلَّهِ الْمَكْرُ جَمِيعًا ۖ يَعْلَمُ مَا تَكْسِبُ كُلُّ نَفْسٍ ۗ وَسَيَعْلَمُ الْكُفَّارُ لِمَنْ عُقْبَى الدَّارِ﴾


Негізінде олардан бұрынғылар да айла-шарғы жасаған еді. Ал, амал-тәсілдердің барлығы Аллаһта. Ол әрбір жанның не жинап жатқанын біледі. Кәпірлер жақында, соңғы тұрақтың / Жәннаттың / кімдікі болатынын біледі.

43- ﴿وَيَقُولُ الَّذِينَ كَفَرُوا لَسْتَ مُرْسَلًا ۚ قُلْ كَفَىٰ بِاللَّهِ شَهِيدًا بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ وَمَنْ عِنْدَهُ عِلْمُ الْكِتَابِ﴾


/ Ей, Мұхаммед! / Әрі сондай күпірлік етушілер / Елшіні теріске шығарушылар / : «Сен жіберілген / елші / емессің», дейді. Айт: «Мені мен сендердің арамызға, куә ретінде Аллаһ жеткілікті және өздерінде Кітап білімі барлар», деп.

الترجمات والتفاسير لهذه السورة: