الإله
(الإله) اسمٌ من أسماء الله تعالى؛ يعني استحقاقَه جل وعلا...
Нұн: (Ұғымын Алла біледі.) Қалам әрі оның жазған нәрселеріне серт.
(Мұхаммед Ғ.С.) Сен Раббыңның мәрхаметінде жынды емессің.
Күдіксіз Раббың кімнің жолынан адасқанын жақсы біледі. Және тура жолдағыны да біледі
Егер сен босасаң сонда олардың да босағылары келеді. (Оларды бұттардан тыймасаң сонда оларда жұмсайды. Б.М.)
(Мұхаммед Ғ.С.) әрбір көп ант ішкен ынжықтарга бой ұсынба;
Оған аяттарымыз оқылған сәтте: "Бұрынғылардың ертегісі" деді.
Жуырда оның мұрнына дақ саламыз. (Тұмсығын тасқа тигіземіз.) (Бір жомарт адамның бақшасына мұрагер болған балалары, іштарлық еткендіктен апатқа ұшырайды. Б.М.Р.Х.Т.)
Бұларға бақша иелеріне пеле бергендей пеле бердік. Сол уақта олар, таң сәріден оның жемісін жинап алуға ант ішті.
Олар ұйықтап жатқанда бақшаға бір апат айналды.
"Егер жеміс алатын болсаңдар, бақшаларыңа жүріңдер" деп.
"Бүгін бақшада сендерге ешбір міскін кірмесін" деп.
Сонда олар, бақшаны көрген сәтте: "Анық адасқан екенміз;",- десті.
Олардың орта көз қарастағысы: "Сендерге Алланы неге дәріптемейсіңдер демедім бө?",- деді.
Олар: "Раббымыз! Сені дәріптейміз. Расында залымдардан борған екеміз" десті.
"Нендей өкініш бізге, анық шектен шығушылардан болдық" десті.
"Мүмкін Раббымыз оның орнына жақсырағын берер. Расында Раббымызға ынтықпыз."
Міне бейнет осындай. Әрине ахирет азабы тағы зор, егер олар білген болса.
Күдіксіз тақуалар үшін; Раббыларының қасында Нағым жаннаттары бар.
Немесе сендер үшін Бізге қарсы қияметке дейін жалғасатын, шәксіз өз пайдаларыңа үкім берілетін бір ант бар ма?
(Мұхаммед Ғ.С.) олардан сұра: "Расында осыған олардың қайсылары жауапкер екен?
Не олардың ортақтары бар ма? Егер сөздері шын болса, ортақтарын әкелсін.
Қиямет күні, балтыр ашылады. Олар сәждеге шақырылады, сәжде қыла алмайды.
Олардың көздері сүлкиіп, ездерін қорлық баураған. Расында олар аман-сауында (дүниеде) сәждеге шақырылған болатын.
(Мұхаммед Ғ.С.) енді осы сөзді (Құранды) жасынға шығарғандарды Маған таста; оларды білмеген жақтан баяулап кеміте береміз.
(Мұхаммед Ғ.С.) немесе сен олардан жалақы сұрап, олар, ауыр зиянға ұшырады ма?
Не жасырын ғылым олардың жанында да олар соны жаза ма?
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше Раббыңның үкімі бойынаша сабыр ет. Балық иесі (Юныс Ғ.С.) құсама. Сол уақытта ол, қайғыға булығып, жалбарынған болатын. (37-С. 139-147-А)
Егер оған Раббынан бір нығмет болмаса еді, сонда ол, қорланған түрде қырға тасталар еді.
Өйткені, Раббы оны таңдап жақсылардан етті.
Расында қарсы келгендер, Құранды тыңдаған сәтте, олар көздерімен ішіп-жеп, сені жыға жаздайды. Және: "Ол анық жынды" дейді.
Негізінде бұл Құран әлемдерге насиқаттан басқа нәрсе емес.